Акциялар түрлері - облигациялар түрлері туралы реферат
02.01.2021
05:16
0
0
Тақырыбы: Акциялар түрлері - облигациялар түрлері
Жоспар:
- Акциялар түрлері
- Облигациялар түрлері
- Акциялар түрлері
- Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
- Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқылы. Директоратқа сайланғанда кейбір қоғамның жарғысында кей жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.
- Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қаржы айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш айда бір) төлеуі мүмкін, Дивидендтің бірнеше түрі бар:
- Қолма-қол төленетін дивиденттер. Бұл табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;
- Мүліктік дивиденттер. Бұл табысты бөлудің мүліктік формасы акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. Қоғам дивидендтің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде қолданады;
- Акция формасындағы дивиденттер. Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі қоғамның өзін-өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді.
- Жай акция бойынша меншік құқығын басқаға беру деген акционер өзінің акциясын я сатып, я сыйға беріп, я өсиетке қалдырып жүзеге асыруы. Сонымен қатар акция банктен несие алғанда кепілдікке де беріледі.
- Қоғамдағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру құқығы. Бұған, мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, қоғамның актиатерінің бір бөлігін сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып қоғамның барлық қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма-қол қаржы және с.с. есептеледі.
- Қоғамның қаржылық есебін тексеру құқығы, мысалы, акционерлердің реестрін тексеру.
- Шектеулі міндет құқығы. Қоғам банкротқа ұшырағанда акция сатып алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға кепілдік берілмейді.
- Қоғам жабылған кезде оның активінің бір бөлігін алу құқығы, яғни жабылу дивидендін алу мүмкіндігінің болуы.
- Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
- Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;
- Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
- Облигациялар түрлері
- Облигация ұстаушы қоғамға несие беруші, ал облигация – қоғамды несиелеудің куәлігі. Акционер қоғамды меншіктенуші. Ал акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.
- Облигация ұстаушыға процент түрінде табыс төленеді. Оның мөлшері алдын ала бекітіліп, нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша процент басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Қоғамның процентті уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивиденд түрінде табыс алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер қоғам дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер қоғамға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.
- Басқа несие беруші сияқты, облигация ұстаушысының дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, қоғамды басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше, акция иесінің қоғамның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.
- Облигация бойынша табыс төлеу қоғамның шығынын құрайды. Ол салық төлегеннен қалған пайдадан төленеді. Ал дивиденд те қоғамның таза пайдасынан өтеледі.
- Ең аз өтімділік;
- Борыштың ақырғы деңгейі;
- Активтерді сатуға тиым салу;
- Төленетін дивиденд мөлшерін шектеу.
- Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы;
- Қозғалмайтын мүлік салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер (мысалы, жаңа салынған өндіріс орны);
- Басқа қоғамдардың траст жағдайында сақталатын акцияларымен қамтамасыз етілген осы қоғамның облигациялары.
- Қысқа мерзімді – 1 жылдан 3 жылға;
- Орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылға;
- Ұзақ мерзімді – 7-ден көп жылдарға дейін шығарылған болып үшке бөлінеді.
- «Современные фондовые рынки», Рубцов Б.Б.
- «Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі», Көшенова
- rfca.kz
- «Шет елдер қор нарығы»
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ