Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аюдан қашқан Қытай тұрғыны биік жардан секіріп кетті: жантүршігерлік суреттер

Аюдан қашқан Қытай тұрғыны биік жардан секіріп кетті: жантүршігерлік суреттер
Саңырауқұлақ теруге барған Қытай тұрғыны аюлар отбасына тап болып, өмірімен қош айтыса жаздады
Гималай аюының отбасына тап болған Қытай тұрғыны ажал аузынан қалды. Ересек аюдан қашқан ол жардан секіріп кетуге мәжбүр болған. Саңырауқұлақ тергенді жақсы көретін Хуацзян Тан орманға бара жатқанда, өліммен бетпе-бет келемін деп ойламағаны анық. Үйіне қайтар жолда ол екі ересек аю мен екі қонжығына кезігеді, деп жазады Mirror.Қонжықтар ағаш басында жүрсе де, ересек аюлар ер адам оларға қауіп төндіреді деп шешіп, біреуі Хуацзян Танға тап береді.

Аюмен арпалыс бірнеше минутқа созылады. Сол кезде алып жыртқыш ер адамды үш рет жерге алып тұрып, Қытай тұрғыны қатты жарақат алады. Ақыры аңның тырнағынан сытылған Хуацзян Тан аюмен жалғыз өзі арпалыса алмайтынын түсініп, өз-өзін құтқару үшін бес метр жардан секіріп кетуге бел буады. Жыртқыш соңынан ілеспепті, сөйтіп ер адам аман қалған.
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер
Ауруханаға әрең жеткен қытай жігітіне бірден ота жасалды. Дәрігерлер ер адамның өмірлік маңызды органдарына ешқандай зақым келмегеніне қатты таңғалыпты.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары