KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек жақында тағы да сәбилі болатынын хабарлады (фото, видео)

• Еркебұлан

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желідегі парақшасында жақында тағы да сәбилі болатынын мәлімдеді, деп жазады Kznews.kz тілшісі. Айсәуле Бақытбек қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. "1+1=4" деп жазды ол жарияланған видеоның жазбасында. 

Блогердің қуанышты жаңалығын көрген желі қолданушылары оны бірден құттықтап, ақ тілегін жолдаған. "Айсәуле, құттықтаймын. Сендердің отбасыларың үшін өте қуаныштымын", "Аман-есен жаның қалсын", "Ұл тап", "Құттықтаймын, қандай әдемі", "Жарайсың", "Сіз үшін қуаныштымын", - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетсек, Айсәуле Бақытбек 2022 жылдың қаңтар айында алғаш рет ана атанған еді. Ол өмірге қыз баланы әкелген болатын.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →