KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Әйгілі BBC агенттігі Ninety One туралы жазды

• Айбар
Әлемге танымал BBC агенттігі қазақстандық Ninety One тобы туралы хабар таратты. Агенттік 91 тобының өз елінде қатаң сынға ұшырап, артынша халықаралық деңгейде танымал болғанын жазды. Сондай-ақ, Ninety One тобын Оңтүстік Кореядағы топтармен шатастырмау керектігін баян еткен. Яғни бұл Qazaq pop немесе Q-pop жанры. «Консервативті елде олардың сырт келбеті бастапқыда қатты сынға ұшырады. Ашық түсті, тар джинсы киген ұлдардың ... стилі арандатушылық іспеттес болып көрінді», - дейді топ жетекшісі Ерболат Беделхан. Халықтың ашуланғаны соншалық, концерттерді болдырмаудың амалын жасап, түрлі қарсылық шараларын өткізген. "Қазақстандағы адамдар, олардың ойында қалыптасқан қазақ ері мен әйелінің сыртқы келбетін өте жақсы қорғайды", - деді қазақстандық гендерлік маман Айзада Арыстанбек. Ninety One тобы, немесе "91" - 2015 жылдың 1 қыркүйегінде дебют жасаған қазақстандық бойзбенд, оның құрамына ALEM (Батырхан Мәліков), ACE (Азамат Ашмақын), ZaQ (Дулат Мұхаметқалиев) және BALA (Данияр Құлымшин) кіреді. Айта кетейік, 2020 жылдың 5 тамызында топтан A. Z. (Азамат Зенкаев) кетті. Топтың продюсері - қазақстандық Orda музыкалық тобының мүшесі Ерболат Беделхан.
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →