Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйгілі BBC агенттігі Ninety One туралы жазды

Әйгілі BBC агенттігі Ninety One туралы жазды
Әлемге танымал BBC агенттігі қазақстандық Ninety One тобы туралы хабар таратты. Агенттік 91 тобының өз елінде қатаң сынға ұшырап, артынша халықаралық деңгейде танымал болғанын жазды. Сондай-ақ, Ninety One тобын Оңтүстік Кореядағы топтармен шатастырмау керектігін баян еткен. Яғни бұл Qazaq pop немесе Q-pop жанры. «Консервативті елде олардың сырт келбеті бастапқыда қатты сынға ұшырады. Ашық түсті, тар джинсы киген ұлдардың ... стилі арандатушылық іспеттес болып көрінді», - дейді топ жетекшісі Ерболат Беделхан. Халықтың ашуланғаны соншалық, концерттерді болдырмаудың амалын жасап, түрлі қарсылық шараларын өткізген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от BBC News (@bbcnews)

"Қазақстандағы адамдар, олардың ойында қалыптасқан қазақ ері мен әйелінің сыртқы келбетін өте жақсы қорғайды", - деді қазақстандық гендерлік маман Айзада Арыстанбек. Ninety One тобы, немесе "91" - 2015 жылдың 1 қыркүйегінде дебют жасаған қазақстандық бойзбенд, оның құрамына ALEM (Батырхан Мәліков), ACE (Азамат Ашмақын), ZaQ (Дулат Мұхаметқалиев) және BALA (Данияр Құлымшин) кіреді. Айта кетейік, 2020 жылдың 5 тамызында топтан A. Z. (Азамат Зенкаев) кетті. Топтың продюсері - қазақстандық Orda музыкалық тобының мүшесі Ерболат Беделхан.
Автор
Айбар