KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Аэрофлот" ұшағын Ауғанстанға бұрмақ болған адам ұсталған жоқ

• Бауыржан

"Аэрофлот" ұшағының бағытын өзгертуді талап еткен адам әлі ұсталған жоқ. Бұл туралы Ресейдің антитеррор комитеті хабарлады.

Күштік құрылымдарға сілтеме жасаған ТАСС ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, 70-тен астам адам және рейс бағытын өзгертпек болған жолаушы әлі ұшақта отыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ұшақ қонған Ханты-Мансы әуежайында оперативті штаб құрылған. Әуежай аумағы қоршалып, күзет қойылған.

22 қаңтарда Сургуттан Мәскеуге ұшып шыққан "Аэрофлот" ұшағы бағытын өзгертіп, Ханты-Мансы әуежайына қонған. Ресейлік ақпарат агенттіктерінің жазуынша, жолаушылардың бірі экипаждан ұшақты Ауғанстанға бұруды талап еткен. РИА-Новости ақпарат агенттігі ұшақ бағытын өзгертпек болған адамның ұсталғанын хабарлаған еді.

Дереккөз: Азаттық
Бауыржан
Журналист
Автордың басқа материалдары →