Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйелдерді өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан ер адам 71 жылға сотталды

Әйелдерді өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан ер адам 71 жылға сотталды
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

49 0 0

Қылмыскер әйелдерді үйіне бала күтушісі керек деп алдап шақырған

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Бразилиялық каннибал Хорхе Бельтрао Негромонте да Сильвейра Суини Тодд туралы қорқынышты аңызға жан бітірді. Әйелі және көңілдесімен бірге үйге қыз-келіншектерді алдап шақырып, кейін оларды өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан, деп хабарлайды Daily Mail.

Бұрынғы профессор Хорхе да Сильвейра, оның әйелі Изабель Пирес және көңілдесі Бруна Кристина Оливейра 2012 жылдың сәуір айында тұтқындалды. Тергеу жұмыстары барысында түрлі қорқынышты дерек ашылды.

Тергеу барысында Хорхе да Сильвейра мен оның әйелдерінің бейтаныс қыз-келіншектерді үйге бала күтушісі керек деп шақырғаны белгілі болды. Кейін профессор жұмыс іздеп келгендерді балғамен өлтіріп, әйелдері денені бөлшектеп, сүйекті үйдің артына апарып көмген.

Кісі өлтірушілер еттің тең жартысын өздері жеп, қалғанына жергілікті тұрғындарға бәліш әзірлеп сататын болған.

Осындай жолмен 20-31 жас аралығындағы үш әйелді өлтіреді. Олар, тіпті, марқұмдардың етімен 1,5 жастағы қызды да тамақтандырған. Ұсталғаннан кейін ер адам бұл әйелдерді "ұрлықшылар мен жаман азаматтардың әйелдері болғандықтан өлтірдім" деп ақталған.

Хорхе да Сильвейраның өзі мен көңілдесі 71, ал әйелі 68 жылға сотталды.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Мадияр