KZNews.kz
Спорт

"Аяқпен соққы болмайды". Мейвезер ММА файтерімен жұдырықтасатынын мәлімдеді

KZNEWS
Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер ММА файтері Тенсин Нацукавамен ақыры жұдырықтасатын болды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Алайда жекпе-жек ресми емес, тек тамаша үшін болады. 

"Үлкен баспасөз мәслихатын ұйымдастырамыз. Ресми жекпе-жек емес - тамаша үшін ғана. Бірақ бұл тарихтағы ең табысты жекпе-жек болады. Адамдар мені ақша үшін ғана жұдырықтасады дейді, бірақ, қараңыздаршы: Билл Гейтс, Опра Уинфри, Уоррен Баффетт олар өз ісімен қатар басқа да дүниелермен айналысады. 

Регламентіне қатысты, бұл үш раундтық жекпе-жек. Кішігірім бокс жекпе-жегі, аяқпен ешқандай соққы болмайды. Тоғыз минутқа созылады және бұл тамаша үшін ұйымдастырылған тарихтағы ең қымбат жұдырықтасу болады. Менің промоутерлік компаниям және RIZIN промоушенімен ұйымдастырылады", - дейді Мейвезер. 

Бастапқыда Мейвезер жапониялықпен аралас жекпе-жек ережесі бойынша жұдырықтасатыны айтылған еді, алайда, кейін бұл ақпарат жоққа шығарылды. 

KZNEWS
Автордың басқа материалдары