Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды

Оның айтуынша, ұшу деректері мен кабинадағы әңгімелерді жазып алатын құрылғылар қалпына келтірілген. Бұл туралы The Economic Times басылымы жазды.
Алғашқы қара жәшік жұма күні апат орны — Ахмедабадтағы бір ғимараттың шатырынан табылған. Жазбаларды толық шифрдан өткізуге төрт-бес күн қажет болуы мүмкін.
Қазір апат себептерін анықтау бойынша Үндістанның авиациялық тергеу бюросы жұмыс жүргізіп жатыр. Ахмедабадқа бірнеше халықаралық сарапшы тобы келіп, тергеуге атсалысуда. Тергеу нәтижелері үш ай ішінде жарияланады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, қара жәшіктер — ұшақ апаттарының себептерін анықтауда маңызды әрі объективті дәлелдер көзі болып саналады. Олар апат алдындағы оқиғаларды дәл қалпына келтіріп, экипаждың әрекеттерін бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, үнді БАҚ мәліметінше, бір студент бұл рейске небәрі 10 минутқа кешігіп, аман қалған.