KZNews.kz
Қоғам

Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды

Азамат Қойшығара
Фото: Air Astana

Air Astana Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізіп, 735 жолаушыны уақытша қонақүйлерге орналастырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, қонақүйге жайғастырылған жолаушылар саны бағыттар бойынша төмендегідей:

– Доха – 174 жолаушы;
– Дели – 231 жолаушы;
– Дубай – 330 жолаушы.

Тасымалдаушы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын және барлық жолаушыға қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Компания өкілдері рейстер кестесіне қатысты қосымша ақпарат жолаушыларға жеке тәртіппен хабарланатынын атап өтті.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →