Өткен тәулікте Қазақстан бойынша Air Astana мен FlyArystan-ға тиесілі 14 рейс өз уақытынан орташа есеппен 4,5 сағатқа кешігіп ұшты, деп хабарлайды Kznews порталы.
Air Astana компаниялар тобының таратқан мәліметтеріне сай әуепаркіндегі Airbus маркісіндегі 20 ұшақтың бағдарламалық жасақтамасы жаңарған. Бұл Airbus өндірушісі мен Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) бүкіл әлемдегі Airbus ұшақтарын пайдаланатын барлық әуекомпанияларға қойған міндетті директивасы.
Инженерлік команда талаптарға сай 20 ұшақтағы бағдарламалық жасақтаманы түні бойы жаңартып үлгерді. Енді қалған ұшақтардағы бағдарламаны жаңарту жұмыстары 30 қарашаға дейін аяқталады деп күтілуде. Айта кетейік Air Astana мен FlyArystan әуепаркінде 58 дана Airbus ұшақтары бар.