Air Astana компаниялар тобы қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне авиабилеттер ұсынды.
Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде аман қалған және қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайды, деп хабарлайды kznews.kz
Билеттер 2026 жылғы 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылады. Жақын туыстарға ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады.
Брондау кезінде туыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Билеттерді рәсімдеу үшін компаниялар тобының сату кеңселеріне, сондай-ақ басқа да байланыстар бойынша хабарласуды сұраймыз:
Air Astana
Брондау және ақпарат орталығы (24/7):
форманы толтыру қажет
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com
FlyArystan
help@flyarystan.com
8 727 331-10-10
WhatsApp +7 702 702 0227
Live Chat FlyArystan мобильді қосымшасында/ flyarystan.com сайтында.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметкерді теңізге алып кеткен. Алғашқы ресми мәліметте тоғыз әскери қызметкердің қаза тапқаны, үшеуінің құтқарылғаны хабарланған еді.
Кейін іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметкердің денесі табылғаны хабарланды. Осылайша, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Үш әскери қызметкер құтқарылды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия жіберілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды.
Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.