Үндістанның Фаридабад қаласында 36 жастағы әйел өзіне үйленуден бас тартқан сүйіктісін өлтірді. Қылмыс жасалғаннан кейін бес күн өткен соң ер адамның тамағы кесілген денесі құлыптаулы жалдамалы бөлмеден табылған, деп хабарлайды kznews.kz The Times of India-ға сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс 25 шілде күні болған. Күдікті Анита 36 жастағы Садакатты Анангпур ауылындағы жалдамалы бөлмесіне шақырып, оған ішімдік ұсынған. Ер адам ұйықтап қалған кезде әйел оның тамағын пышақпен кесіп өлтірген. Кейін бөлменің есігін сыртынан құлыптап, оқиға орнынан ізін суытқан.
Қылмыс туралы тек 30 шілде күні белгілі болған. Сол күні көршілер бөлмеден жағымсыз шіріген иіс шыққанын сезген.
Құқық қорғау органдары күдіктіні көп ұзамай ұстады. Тергеу кезінде ол ер адамға тұрмысқа шыққысы келгенін және оған бірнеше рет ұсыныс жасағанын мойындаған. Алайда оның таңдаған адамы бұл ұсыныстарға үнемі нақты жауап беруден жалтарып жүрген.