Аустралияда 32 жастағы әйел төрт жасар ұлының өліміне қатысты ауыр қылмысты мойындады. Бұл туралы kznews.kz тілшісі News.com.au басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 4 шілде күні болған. Мәліметке сүйенсек, әйел полиция бөлімшесіне өзі барып, ұлына қатысты қылмыс жасағанын айтқан. Кейін баланың денесі Орталық жағалаудағы Уайонг қаласындағы үйден табылды.
Тергеу барысында баланың денесінен ауыр жарақаттар анықталған. Құқық қорғау органдары әйелдің қылмыс жасағаннан кейін баланың дене мүшесіне қатысты адам шошырлық әрекетке баруы мүмкін екенін тексеріп жатыр.
Сот шешімімен күдіктіден сілекей, қан және тырнақ үлгілері мәжбүрлі түрде алынатын болды. Бұл сараптама оның тергеу кезінде айтқан сөздерінің рас-өтірігін анықтау үшін жүргізіледі.
Әділет департаменті аталған отбасының бұған дейін де полиция назарына іліккенін растады. Дегенмен тәртіп сақшылары соңғы рет олардың үйіне тұрмыстық жағдайға байланысты шағым бойынша шамамен 18 ай бұрын барғаны айтылды.
Қазір министрдің тапсырмасымен бұл оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тәуелсіз тексеріс жүргізілмек.