Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әйел адам құрбысы мен оның балаларын өлтіріп, денелерін кір жуғыш машинаның ішіне жасырған

Әйел адам құрбысы мен оның балаларын өлтіріп, денелерін кір жуғыш машинаның ішіне жасырған
Фото: depositphotos.com

АҚШ-та жүкті құрбысын және оның үш баласын өлтірген әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz Daily Star-ға сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, Иллинойс штатында тұратын 24 жастағы әйел жеті айлық жүкті құрбысын өлтірген. Жәбірленуші көп қан жоғалтудан көз жұмған.

Кейін күдікті марқұмның үш баласын — жеті жастағы ұлды, екі жастағы баланы және бір жасар сәбиді де өлтірген. Іс материалдарында «балалардың денелері кір жуатын машина мен кептіргіш құрылғының ішінен табылды» деп көрсетілген.

Қылмыс күдіктінің танысына өз әрекетін мойындап айтуынан кейін әшкереленген. Ол бұл туралы полицияға хабарлаған.

Әйелге кісі өлтіру және дүниеге келмеген баланың өліміне қасақана себепкер болу баптары бойынша айып тағылды. Ол кінәсін мойындап, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығынсыз өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер