Айдос Мырзахметов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айдос Мырзахметов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Осыған байланысты генерал-майор Айдос Мырзахметов бұрын атқарған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін, Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.

Сондай-ақ 26 қыркүйекте Президент Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, соның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласына кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрған болатын. Комиссия алғашқы нәтижелерін жеті күн ішінде баяндауы тиіс.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.