Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аида Балаева Бірыңғай медиаплатформаны іске қосуға неге құлықсыз?

Аида Балаева Бірыңғай медиаплатформаны іске қосуға неге құлықсыз?
Фото иллюстрация: kznews

Бұл жүйе мемлекеттік ақпараттық саясатты ашық әрі әділ жүзеге асыруды көздеген болатын. 

Сондай-ақ журналистерді жеңілдетілген тәртіппен аккредитациялау және бірқатар қосымша сервистерді қамтуы тиіс еді.

Алайда Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жобаны жүзеге асыруға қажетті  қаражат бюджеттен қарастырылмаған. 

Белгілі медиа маман Диана Өкремованың айтуынша биылғы жылдың басында іске асу керек болған жоба орнынан қозғалмады. Оның сауалына министрлік қысқа ғана жауап қайырған:

«Қазіргі уақытта Бірыңғай медиаплатформаны іске қосуға қажетті қаржыландыру бөлінген жоқ, мәселе уәкілетті органдармен пысықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты платформа жұмысы кейінге қалдырылып отыр. Бұл, өз кезегінде, журналистер үшін жеңілдетілген аккредитация жүйесін енгізу мерзімін де шегеретін болды.

Осыдан кейін заңды сұрақ туындай: Аида Балаева Бірыңғай медиаплатформаны іске қосуға неге құлықсыз?

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.