Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аида Балаева: Ақпаратты контекстен жұлып алу – басты проблема

Аида Балаева: Ақпаратты контекстен жұлып алу – басты проблема
Видеодан алынған скрин

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соңғы кездері қоғам талқылауында жиі кездесетін мәселе – ақпараттың контекстен үзіп алынуы екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, бұл жағдай көбіне «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер жобаларына қатысты туындайды.

Журналистің «Ашық НҚА порталында талқылауға толық нұсқалар емес, тек үзінділер ғана орналастырылады» деген сұрағына жауап берген Балаева мұндай тәсілді ұсынған – Мәдениет және ақпарат министрлігі екенін растады. Оның сөзінше, бұл қадам «қоғамдық талқылау үдерісін оңтайландыру» мақсатында жасалған.

«Кейде порталға өте көлемді құжаттар жарияланады, олардың мәтіні ресми-кеңсе тілінде жазылғандықтан, көпшілікке түсініксіз болуы мүмкін. Сондықтан кей тұстарын ықшамдап ұсынамыз», – деді министр.

Алайда журналистің «Бұл халықтың нормативтік-құқықтық құжаттарды түсінуге жеткілікті сауаты жоқ дегенді білдіре ме?» деген сұрағына Аида Балаева:
«Жоқ, мен ондайды айтқан жоқпын. Сөзімді контекстен жұлып алуға болмайды», – деп жауап берді.

Министрдің айтуынша, жобалардағы ақпарат жиі бұрмаланып, контекстен бөлініп беріледі, бұл өз кезегінде қоғамда қате түсінік пен қажетсіз пікірталас тудырады.

«Біздің мақсат – қоғаммен ашық диалог орнату, бірақ ол үшін ақпараттың толық және дұрыс түсіндірілгені маңызды», – деп қорытындылады Аида Балаева.
 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.