KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Аида Балаева, Әлихан Смайылов”: Қорғаныс министрлігінің қызметін кімдер тексереді?

• Айжан Сыланова
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Комиссияға Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева жетекшілік етеді. Оның орынбасары – Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Комиссия құрамына Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы министрлігі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері кірді.

Тексерудің алғашқы нәтижелері жеті күн ішінде Мемлекет басшысына баяндалуы тиіс.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →