Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды: әкесі үндеу жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Аягөз ауданының су жаңа әкімі Айбек Нұғымаров туралы не білеміз?

Аягөз ауданының су жаңа әкімі Айбек Нұғымаров туралы не білеміз?
Айбек Нұғымаров. Фото: gov.kz

Абай облысы Аягөз ауданының әкімі болып Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды. Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімі Берік Уәли ресми түрде таныстырып, стратегиялық аймақты ары қарай дамыту жүктелгенін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Осы орайда, халыққа спорттағы жетістіктерімен де, мемлекеттік қызметтегі еңбегімен де кеңінен танымал су жаңа әкім туралы негізгі мәліметтерді жинақтап ұсынамыз.

Өмірбаяны және білімі

Айбек Нұғымаров 1987 жылы 3 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары:

  • Семей мемлекеттік педагогикалық институты – «Дене шынықтыру» мамандығы;
  • Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті – «Заңгер» мамандығы.

Спорттағы даңқты жолы: «Шығыс Барысы» және «Қазақстан Барысы»

Айбек Нұғымаров ел арасында қазақ күресі мен самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, атақты түйе палуан ретиінде танымал. Бапкері Серік Қоржыкеновтің жетекшілігімен ол халықаралық және республикалық ареналарда биік белестерді бағындырды:

  • «Қазақстан Барысы – 2013» турнирінің жеңімпазы («Алтын белбеу» және «Тайтұйяқ» иегері);
  • Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2008 ж., 2010 ж.);
  • Қазақ күресінен Азия чемпионы (2008 ж.) және Әлем кубогының иегері (2011 ж.);
  • «Әлем барысы» турнирінің күміс жүлдегері;
  • Самбодан Қазақстан Республикасының чемпионы (2012 ж.).

Еңбек жолы және басқарушылық тәжірибесі

Спорттағы жарқын мансабымен қатар, Айбек Серікболұлы педагогикалық және басқарушылық салада да мол тәжірибе жинақтаған:

Еңбек жолын Семей қаласында қазақ күресі бөлімінде оқытушы-жаттықтырушы болып бастап, ШҚО жоғары спорт шеберлігі мектептерінде нұсқаушы-әдіскер болып қызмет етті.

Алты жылдан астам уақыт бойы Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры лауазымын абыроймен атқарды.

Кейінгі жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ аудан әкімінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарып, өңірдің тыныс-тіршілігімен мұқият танысты.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер