Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Аяғы ауыр болып шықты»: Жамбыл облысында 14 жастағы қыз зорланды

«Аяғы ауыр болып шықты»: Жамбыл облысында 14 жастағы қыз зорланды
Фото: Lucky-child.com

Жамбыл облысында 14 жастағы қыздың зорланғаны туралы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға жайлы ақпаратты алғаш болып “НеМолчиKZ” қоры жариялаған. Қордың мәліметінше, анасы қызына жедел жәрдем шақырған кезде жасөспірімнің жүкті екені анықталған. Қыздың психикалық ерекшеліктері бар екені айтылады. Қоғамдық ұйым бірнеше адам қатысқан зорлық болуы мүмкін екенін атап өтті.

Қордың хабарламасында анасы күдіктілердің әлі ұсталғанын көрмегенін, бұл жағдай тергеуді жеделдетпегеніне шағымданған.

Жамбыл облыстық ПД аталған ақпаратты растады. Полицияның мәлімдеуінше, арыз түскен бойда сотқа дейінгі тергеу басталған.

Департамент өкілдері:

“Күдікті анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеуге қажетті барлық процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық жақтың айғақтары тексеріліп, дәлелдер жинақталуда”, – деп хабарлады.

Сонымен қатар, тергеу органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатқаны, тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.