Жолдардан саябақтарға дейін: қазақстандықтар өзгерістерді көріп, инфрақұрылымның одан әрі дамуын күтеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АИ-95 орнына АИ-92: депутат бензин сапасының нашарлауынан қазақстандықтар 600 мың теңгеге дейін шығынға батқанын айтты

АИ-95 орнына АИ-92: депутат бензин сапасының нашарлауынан қазақстандықтар 600 мың теңгеге дейін шығынға батқанын айтты
Фото: kznews.kz

Қазақстанда бензин сапасына қатысты шағым көбейген. Құрылтай депутаты, ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, кей азаматтар жанармай құйғаннан кейін көліктерінің техникалық ақауына тап болып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың сөзінше, сапасыз бензин форсунка, оталдыру шамдары, катализатор сияқты қымбат бөлшектердің істен шығуына себеп болуы мүмкін. Көлік жөндеу шығыны кей жағдайда 200-600 мың теңгеге дейін жетеді.

Мәселенің ауқымды екенін бақылау шаралары да көрсеткен. Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, 2026 жылы жүргізілген бақылау сатып алулары кезінде жанармайды басқа маркамен сату фактілері анықталған.

Атап айтқанда, Алматыда АИ-100 ретінде сатылған өнімдегі күкірт мөлшері белгіленген нормадан үш еседен астам жоғары болған. Ал Қызылорда облысында АИ-95 деген атаумен АИ-92 бензині сатылған.

Асхат Рахымжановтың айтуынша, мәселе тек жанармай өндіретін зауыттарға қатысты емес. Сапалы отын тұтынушыға жеткенге дейін тасымалдау, сақтау және сату кезеңдерінде де өзінің қасиетін жоғалтуы мүмкін.

Депутат қазіргі заңнамада сапасыз мұнай өнімдерінің айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Алайда іс жүзінде жанармай сапасының нақты қай кезеңде төмендегенін анықтау қиын. Соның салдарынан көлігіне келген шығынды азаматтың өзі дәлелдеуге мәжбүр болады.

Осыған байланысты Рахымжанов Үкіметке бірнеше ұсыныс жасады.

Депутат жанармай құю станциялары мен мұнай базаларында алдын ала ескертусіз сынама алуды, тұрақты бақылау сатып алуларын және жанармайды міндетті зертханалық тексеруден өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар әрбір жанармай партиясының өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап нақты АЗС-ға дейінгі қозғалысын цифрлық бақылауға алуды ұсынды. Оның пікірінше, тұтынушы жанармайды сатып алмай тұрып, оның қайдан келгенін және зертханалық тексеру нәтижесін QR-код арқылы көре алуы керек.

Бұдан бөлек, сапасыз отын үшін жауапкершілікті тек жанармайды соңғы сатушыға жүктемей, жеткізу тізбегіндегі нақты кінәлі тарапты анықтау қажет.

Рахымжанов сапасыз бензиннен көлігі зардап шеккен азаматтарды қорғау тетігін де енгізуді ұсынды. Ол көлік ақауы мен жанармай сапасы арасындағы байланысты дәлелдеуді жеңілдетіп, диагностика мен жөндеу шығындарын өтеу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

«Модернизацияланған мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген сапалы отын тұтынушыға жеткенге дейін өзінің қасиетін жоғалтпауы керек. Мемлекет бензин сапасына зауыттан шыққан кезде ғана емес, ол әрбір автокөлік иесінің багына құйылғанға дейін кепілдік беруі тиіс», – деді Асхат Рахымжанов.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі