“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ағзаларымды донорлыққа беремін”: Аида Балаева донор болуға келісетінін мәлімдеді

“Ағзаларымды донорлыққа беремін”: Аида Балаева донор болуға келісетінін мәлімдеді
Фото: Xinhua

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Хабар» телеарнасы түсірген «4739» деректі фильмін көргеннен кейін ағза донорлығына қатысты өз ұстанымын білдіріп, қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісім беретінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, адам өмірі – ештеңемен өлшенбейтін ең жоғары құндылық. Оның айтуынша, фильм трансплантацияны күтіп жүрген адамдардың тағдыры мен өмірге деген үмітінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

«Бүгінде елімізде 4739 адам ағза трансплантациясын күтіп отыр. Олардың арасында 125 бала бар. Бұл – жай ғана статистика емес, әрқайсысының өмірге деген үміті бар мыңдаған тағдыр», – деді Аида Балаева.

Ол Қазақстанда трансплантациялардың басым бөлігі тірі туыстық донорлардың көмегімен жасалатынын атап өтті. Ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың үлесі 10 пайызға да жетпейтінін айтты.

Министрдің пікірінше, донор болу немесе болмау – әр адамның жеке таңдауы. Сондықтан бұл мәселеде ешкімге қысым жасалмауы керек. Бір жағында өмір үшін күресіп жатқан науқастар болса, екінші жағында жақынынан айырылған отбасының қайғысы тұрғанын түсіну маңызды екенін жеткізді.

Сондай-ақ Аида Балаева мұндай шешім қабылдауда әр адамның таңдауы мен әр отбасының ұстанымына құрметпен қарау қажет екенін айтты.

«Егер бір күні жақындарымның алдында осындай таңдау тұрса, мен олардың өмірге қайта оралғысы келетін адамдарға көмектесудің маңызын түсінгенін қалар едім. Өз басым ағзаларымды донорлыққа беруге келісім беретінімді жауапкершілікпен мәлімдеймін. Себебі бір адамның таңдауы басқа бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін», – деді министр.

Оның айтуынша, ағза донорлығы тақырыбы қорқынышпен емес, түсіністікпен, жауапкершілікпен және адам өміріне деген құрметпен талқылануы тиіс. Министр трансплантацияны күтіп отырған әр адамның артында үлкен үміт тұрғанын айтып, сол үмітті үзбеу – ортақ адамгершілік міндет екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.