Қоғам

Адвокат Мұрат Адам ісі: қорғау тарапы судьяға сенімсіздік білдірді

Торғын Абушахман Торғын Абушахман
Адвокат Мұрат Адам ісі: қорғау тарапы судьяға сенімсіздік білдірді
фото: КазТАГ

Алматының Бостандық аудандық сотында адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айыру ісі қаралды. Сот отырысында қорғау тарапы судья Даурен Тілеубаевқа қарсылық білдіріп, оны істен шеттетуді сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мұрат Адамды қолдау үшін сотқа 28 адвокат келген. Қорғаушылар БАҚ-ты кіргізбеу мен фото-бейнетүсірілімге шектеу қойылғанын айтып, процестің іс жүзінде жабық өтіп жатқанын мәлімдеді. Судья бұл уәжбен келіспеді.

Адвокат Анар Құсайынованың айтуынша, Мұрат Адамды лицензиясынан айыру оның Orda.kz сайтының негізін қалаушы Гүлнар Бажкенованы қорғауымен тікелей байланысты. Осыған байланысты қорғау тарапы Бажкенованы іске қатыстыруды талап етті, алайда сот бұл өтінішті ашық күйде қалдырды.

Қорғаушылар тінтулерге қатысты хаттамалар мен бейнежазбаларды іске қосуды сұрады. Судья олардың бір бөлігін қабылдап, бір бөлігін алдын ала тергеуге қатысты деп қоспады.

Отырыс соңында қорғау тарапы судьяға сенімсіздік білдірді. Мұрат Адам сот процесі тым жедел өтіп жатқанын айтып, бұл әрекеттер Бажкенованы білікті қорғаудан айыруға бағытталғанын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz