Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Адвокат Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовтың ісі бойынша ресми мәлімдеме жасады

Адвокат Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовтың ісі бойынша ресми мәлімдеме жасады
Orda.kz коллажы. Суретте: Мейірман Шекеев пен Қаржаубай Нұрымов

Адвокат Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық істің нәтижесіне байланысты жұртшылыққа маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің айтуынша, қоғамда тараған түрлі қауесет пен негізсіз болжамдардың жолын кесу мақсатында істің қорытындысы ашық түрде жарияланған.

Мейірман Шекеев істің созылмалы сипат алуына байланысты бұған дейін нақты түсініктеме беруге мүмкіндік болмағанын атап өтті. Оның сөзінше, тергеу толық аяқталмайынша қандай да бір ақпарат тарату орынсыз болған.

"Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, өйткені іс жалғасып жатты. Десе де, осы аралықта қаншама атқарылған жұмыстардың арқасында, біз бұл нәтижеге қол жеткізе алдық деп ойлаймын. Иә, мойындау керек, Қаржаубайдың кейбір жаулары біздің үнсіздігімізді Қаржаубай сотталатынға сайып, бағып жүрді. Алайда бұл істе сол кезде жәбірленуші болған полиция қызметкерлерінің адамгершілігі биік болды. Соның негізінде және құқық қорғау органдарының бұл істе объективтілік танытқанының арқасында Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабының 1-бөлігінің 12-тармағының негізінде тоқтатылды", – деп атап өтті.

Заңгер бұл шешімді қорғаушылар командасы үшін де елеулі нәтиже деп бағалады.

"Қаржаубайға інім ретінде болашағы енді ашық-жарқын болсын деп тіледім. Мұндай қиын жағдайға енді түспесе екен деймін, себебі оның көтерген жүгі түптеп келгенде ең ауыр жүк екені анық", – деп түйіндеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер