Белгілі журналист Гүлжан Ерғалиеваның ElMedia арнасына сұхбат берген Адонис Дербас марқұм саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты өзі білетін шындықты айтты, деп хабарлайды kznews.kz /Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
"2005 жылы желтоқсан айында, Тайланд, Пхукетте Рахат Әлиев "Алтынбек Сәрсенбаевтың көзін жою керек" деп айтты.
Кәдімгідей дастарқан басында айтты. Ол жерде Рахат, Дариға, Дариғаның құрбысы және мен бар едім. Ішіп, демалып отырған едік. Арамызда біреу Алтекең туралы айтып қалды. Сол кезде Рахат Әлиев "оның көзін жойып, құрту керек" деп айтты" деген Адонис Дербас бұл сөздің еш қиындықсыз айтыла салғанын баяндады.