Әділет министрлігі "Әділет" партиясын ресми тіркеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әділетхан Молдахан өзіне тағылған айыпты толық мойындады

Әділетхан Молдахан өзіне тағылған айыпты толық мойындады
Фото: ашық дереккөз

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан өзіне тағылған айыпты толық мойындады, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы Orda.kz жазады.

Оған Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр.

Басылым мәліметінше, іс бойынша жәбірленушілер ретінде Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен әкімшілік полицияның экс-басшысы Серік Шұмаев танылған. Ержан Ұзабаевтың қорғаушысы айыпталушыдан 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы мен 1 миллион теңге сот шығындарын өндіруді талап еткен.

Сот отырысында Молдаханның адвокаттары оны үйқамаққа ауыстыруды және тараптарды медиация тәртібімен татуластыруды сұрады. Алайда сот үйқамаққа шығару туралы өтінішті қанағаттандырмады. Ал медиация мәселесін қарау прокуратура құзырына жолданды.

Еске сала кетейік, Әділетхан Молдахан 31 наурыз күні ұсталған болатын. Бұған дейін полиция оған қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

Іске негіз болған жағдайлардың бірі – блогердің Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты жариялаған видеосы. Онда ол апат алдында көлік жарысы ұйымдастырылғанын және жарысқа қатысқан көліктердің арасында полиция басшылығының қызметтік автокөлігі болғанын мәлімдеген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.