Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Әдебиеттік оқу "Күз" А.Құнанбайұлы
Автор: Сандибаева Жаннат Калидоллаевна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-08
Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған
4-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:
| Әдебиет | 4 сынып | Кабинет :201 | Пән мұғалімі:Сандибаева Ж.К. |
| Сабақтың атауы | Күз А.Құнанбайұлы | ||
| Сілтеме | Әдебиет оқулығының әдістемесі | ||
| Сабақтың жабдығы | Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреті, А. Құнанбаевтың суреті.Әдіс – тәсілдері: Ассоцияция, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, еркін жазу. | ||
| Жалпы мақсаттар | Ұлы ақын А. Құнанбаев туралы мағлұматтар беру, өлеңнің негізгі идеясын ашу. Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру, оқушыға күздің ерекшеліктерін түсіндіру.Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Тәрбиелігі: Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстыру. | ||
| Оқыту нәтижесі | |||
| Топқа бөлу | Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу | ||
| Ынтымақтастық атмосферасы | Сәлеметсің бе,Көк АспанПсихологиялық дайындық. (шаттық шеңбері, топқа бөліну.)Ана тіліне тілек. | Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады | |
| Қызығушылықты ояту | Бұлттар төніп,Жерге шөгіп,Дымқыл тұман басады.Шөп сарғайыпӨңі тайыпДала сұры қашады.Бой жаза алмайОйнай алмайДенең мұздап тоңады.Айтыңдаршы, балаларым,Бұл қай кезде болады?- Күз мезгілі дегенде ойымызға не түседі, кім қандай ойда отыр?Топтастыру.Күз↓сары жапырақастықтұманмолшылыққұстар қайтадысабақ басталдыжемістер піседікүн суытады | ||
| Мағынаны тануМәтінді тізбектеп оқу | Бүгінгі тақырыппен таныстыру.Оқулықпен жұмыс «Түртіп алу» стратегиясы.v Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. Мәнерлеп оқу, тыныс белгілерін қойып шығу.v Оқушылардың мәнерлеп оқуы. (қойылған тыныс белгілері бойынша)Өлеңді үш бөлікке бөліп оқу.Өлеңнің мазмұнымен жұмыс- Олай болса, бүгін А. Құнанбаевтың « Күз» өлеңімен танысамыз.А. Құнанбаев кім?↓Аудармашы, ғалым, ақын, сазгер, ойшыл, ұстаз, кемеңгер, данаV. Ой қозғау. Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді белгілейді.Ыс – түтіннің күйесі.Құрысын заңы - әдеті құрысын.Күзеу – күзгі жайылым.Қыстау – малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен - жайы.Жайлау – малдың жазғы алыс жайылымы.Көктеу – көктемде көшіп шығатын аймақ.Топтық тапсырма.1, 2, 3 – топ шумақпен бөліп оқып, өлең жолдарын қара сөзбен түсіндіру.VI. Ой толғаныс.1 – топ. Өлең жазу.2 – топ. Эссе жазу.3 – топ. Сурет салу. ( Абайдың өлеңдерін еске түсіру.) | ||
| Сергіту сәті | « Шырша».Өлеңді іштей оқып, сұрақ бойынша тауып оқу.1. Күз өлеңінде ауыл тіршілігі қалай суреттелген?2. Қураған ағашты неге теңеген?3. Күзеу туралы не айтылған?4. Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу дегеніміз не? | Оқушылар жауап береді | |
| Ой толғаныс | - Күз жыл мезгілінің сүреңсіз суық мезгілі болса да, байлық, молшылық мезгілі. Күздің бізге берері мол. Сондықтан Абай атамыздан басқа даС. Торайғыров, М. Әлімбаев, Т. Жароков т. б ақындарымыз Күз мезгілі туралы өлеңдер жазған.Сұрақ - жауап. 2 - сайыс1. Абай қай жылдары өмір сүрді? (1845 - 1904)2. Абайдың әжесі? (Зере)3. Абайдың шешесінің аты кім? (Ұлжан)4. Абайдың күйлері? («Май түні», «Торжорға»)5. Абайдың әндері? ( «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»)6. Абай неше жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне түсті? ( 12 жасында)7. Абай айтқан бес асыл іс? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).8. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық кімді аздырады? (адамды) | ||
| Үй тапсырмасы | Мәнерлеп оқу | Күнделіктеріне жазады | |
| Бағалау | Бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушылардың жұмыс нәтижесіне қарай бағалайық. | Парақшаларды толтырады | |
| Кері байланыс |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.