| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы | ІІ бөлім« Адамгершілік» | Тексерілді: |
| Күні | Мектеп №36 орта мектеп |
| Сынып 3 | Қатысқындар: | Қатыспағандар: |
| Мұғалім | Едилова Жадыра Чоханқызы |
| Сабақтың тақырыбы: | Біздің Ата Заңымыз - Конституция |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме | 3.1.5.1 ҚР Конституциясының маңызын түсіндіру |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: Конституцияның азаматтар үшін маңыздылығын түсінеді |
| Бағалау критерийі | Конституциялық құқық пен міндетті ажырата алады:ҚР Конституциясының маңызын жазып жеткізе алады. |
| Құндылықтарға баулу: | Əрбір нағыз патриоттың парызы – Ата Заңды білу жəне отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. |
| Тілдік мақсат : | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тілі орамды, тасыр, қырын келмей, Әзірет Әлі, «айдаһарсыз», алтын иек, сара ала қаз.Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: «өлеңі бар,өнерлі інілерім», жастарға кеңес, сөз түзелу, сөзді қорқылма, үлгі-өнеге көрсету.Талқылауға арналған сұрақтар: Өлеңді оқуда автор бейнесін қалай елестетіңіз?Шығармадағы ақыл- кеңеске өз қосарыңыз болса, не қосар едіңіз?Ақынның өлеңін оқып танысқаннан кейін сіз, өз бойыңыздан нені түзетер едіңіз?Бүгінгі күнде жөн айтатын жан бар ма? Ол кім сіз үшін? |
| Пәнаралық байланыс: | Тарих, құқық |
| Тақырып бойынша алдыңғы білім3 минут | Booktreeler бойынша бірнеше бейне ролик ұсынып, өткен білімдерін еске түсіріп, қайдан таныс екенін сұрап, ойларын жаңа арнаға бұру. |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
| Сабақтың басы Психологиялық ахуалды реттеу: «Ішкі –сыртқы шеңбер»әдісі.5 мин | Оқушылармен амандасу, түгелдеуСабаққа дайындықтарын тексеру.«Сиқырлы қалпақ» Шеңбер болып тұрады.Бір-біріне қалпақты кигізе отырып ағылшын тілінде жақсы тілек білдіреді. Топтық жұмыс. «Ішкі –сыртқы шеңбер»әдісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрады.Бірінші ішкі шеңбер сыртқы шеңберге өткен тақырып бойынша сұрақ қояды. 2 минуттан соң сыртқы шеңбер ішкі шеңберге сұрақ қояды. Дескриптор: Тапсырманы таңдайдыОрындау талабымен танысадыТапсырманы талапқа сай орындайды«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау. | Қалпақ |
| Сабақтың ортасы Миға шабул4 минут «Досыңа әңгімелеп бер.»әдісі6 мин | 1.Мұғалім «ҚР Конституция» туралы бейнежазба көрсетіп, келесі сұрақтарға жауап берулерін сұрайды: - Бейнежазбадан не көрдіңдер?-Оның ішінде әрқайсысымыз үшін маңызды болатындай не бар?- Ол бүгінгі сабаққа не үшін қажет?Оқушылардың болжамы ұжымда талқыланады. «Конституция» ұғымы енгізіледі. Дескриптор: «ҚР.Конституциясы» туралы толық біледі.Жұптық жұмыс. Оқушылар кітапты оқып,білгенін сыныптасына әңгімелеп береді. | Бейнежазба Слайд кітап |
| Сабақтың соңы 5 минут | КЕРІ БАЙЛАНЫС: Үйге: «Конституция не үшін керек?» тақырыбына эссе жазу Дескриптор: Конституциялық құқық пен міндетті ажырата алады:ҚР Конституциясының маңызын жазып жеткізе алады. | Кері байланыс парақшасы |
| Қосымша ақпарат | |
| РефлексияСабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішіндеүлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | | |