Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Адам Адамов» бетпердесінің артындағы шындық: Түркістанда белсенділер педофилді қолға түсірді

«Адам Адамов» бетпердесінің артындағы шындық: Түркістанда белсенділер педофилді қолға түсірді

Белсенділер балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына төнетін қауіп деңгейін тексеру үшін әлеуметтік желіде 11 жасар қыздың атынан жалған аккаунт ашқан.

Тек алғашқы күннің өзінде-ақ 20 жастан асқан ондаған ер адам жасанды аккаунтқа хабарлама жолдаған. Олардың көпшілігі қыздың жасына қарамастан, интимдік тақырыпты қозғап, әдепсіз ұсыныстар жасаған. Кейбірі «ересек өмірге үйретеміз» деп уәде беріп, бейәдеп суреттер жіберген.

Ең белсенді жазысқан қолданушы «Адам Адамов» есімді аккаунт иесі болды. Ол алғашқы хаттарынан бастап «қызды» кездесуге шақырып, интимдік суреттер талап еткен. Кейін сөйлесулер ашық түрде заңсыз әрекеттерге итермелеуге ұласты: ол «тыныш жерге баруды» ұсынып, өзінің бейәдеп суреттерін жолдаған.
Белсенділердің тексеруі нәтижесінде «Адам Адамовтың» артында 2002 жылы туған, Түркістан облысы Жанарық ауылының тұрғыны – Сауранбай Базарбек Ибадуллаұлы тұрғаны анықталды.

Кездесу кезінде 11 жасар қыздың орнына «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілдері келіп, барлық хат алмасу мен материалды тіркеп, күдіктіні құқық қорғау органдарына тапсырды. Осылайша, оның анонимділігі жойылып, қоғам алдында әшкереленді.

Белсенділердің айтуынша, мұндай эксперимент қоғамда бар шынайы қауіптің бетін ашты.

«Әлеуетті педофилдер жазасыздықты сезінгенде біз үнсіз қала алмаймыз. Қорғансыз балаға қауіп төндіретін әр адам қоғам алдында жауап беруі керек. Балалардың қауіпсіздігі – басты құндылық», – дейді «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Алина Сұлтанқызы.


Ұйым ата-аналарды балалардың интернеттегі әрекетіне жіті бақылау жасауға, күдікті жағдайларды дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды. Белсенділердің пікірінше, дәл осындай оқиғалар кез келген отбасының жанында орын алуы мүмкін.

Бұл оқиға Түркістандағы ғана емес, жалпы елдегі балалардың қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылықты күшейтті. Құқық қорғау органдары күдіктіге қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.