Азат Перуашев "Ақ жолдан" кетті...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Абылайханды өлтіріп жатқанын көзіммен көрдім”: 12 жасар баланың өліміне қатысты жаға ұстатарлық деректер шықты

“Абылайханды өлтіріп жатқанын көзіммен көрдім”: 12 жасар баланың өліміне қатысты жаға ұстатарлық деректер шықты

Түрксіб ауданында қатарластары пышақтап өлтірген 12 жастағы қаза тапқан Абылайхан Ержанұлының отбасының жақын танысы қайғылы оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Екатерина Моисеенко марқұм баланың отбасымен ұзақ жылдан бері жақын дос. Оқиға 10 маусым күні кешке әскери қалашық аумағындағы жатақхананың дәлізінде болған. Ол Абылайханды сабырлы, мейірімді бала ретінде сипаттайды.

“Біз отбасымызбен көп жылдан бері доспыз. Абылай өте мейірімді бала еді. Ол ешқашан жанжалға араласпайтын, бәріне әзілмен қарайтын. Оны ашуландыру өте қиын болатын. Тіпті біреу ренжітсе де, ол күліп кетіп қалатын”, — дейді ол.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін ол баланың телефонын жеке тексеріп көрген және алдын ала кездесуге қатысты ешқандай хат алмасу немесе қоңыраулар болмағанын анықтаған.

“Мен өз көзіммен болған оқиғаның видеосын көрдім. Абылайды өлтіріп жатқанын көрген екінші "көмектесіңдер" деп бір ауыз сөз айтқан жоқ. Жай ғана оқиға орнынан қашып кеткен. Ал шабуыл жасаған бала пышақты лақтырып, оның артынан өзі де қашып кеткен. Бұл кешке болған оқиға. Уақытын нақты есіме түсіре алмаймын”, — деді ол.

Екатеринаның айтуынша, балаға тоғыз рет пышақ сұғылған. Іш тұсына бір соққы, кеуде тұсына сегіз соққы тиген.

Ол баланың ата-анасына жатақханаға барып келетінін айтып кеткенін, алайда сол кеткеннен кейін қайта оралмағанын жеткізді. Оның айтуынша, оқиғаның нақты мән-жайы әлі белгісіз. Балалардың бір мектепте оқығаны, Абылайхан 12 жаста, ал қалған екеуі 13 жаста болғаны айтылады.

Екатерина екінші баланың күдікті емес, куәгер ретінде танылғанын атап өтті. Оның сөзінше, ол ешқандай соққы жасамаған, қорқып қашып кеткен.

Ол баланың өлімі туралы қалай білгенін де айтып берді. Екатеринаның айтуынша, оған Абылайханның әкесі телефон шалған. Бастапқыда отбасыға баланы көлік қағып кеткені айтылған, алайда оқиға орнына барған соң жағдайдың басқаша екені белгілі болған. Оның сөзінше, Абылайханды арқасында рюкзагы бар ер адам тауып алып, жедел жәрдем шақырған болуы мүмкін. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.