KZNEWS.KZ
Спорт

Абылайхан Жұбаназар Швейцариядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Асқар Алтайұлы
Фото: Сали Сабиров / ҚР ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалға дейін бес қарсыласын жарыс жолынан шығарды. Шешуші кездесуде ол Өзбекстан өкілі Арсланбек Таджиевті жеңіп, чемпион атанды.

Бұл – Қазақстан құрамасының Лозаннадағы турнирде иеленген алғашқы медалі. Дүбірлі дода 30 тамызда аяқталады.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →