Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті

Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында өмірден өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Белгілі жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Суыт хабарды Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған. Белгілі жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ұзақ жылдар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қызмет еткен.

Тағы оқыңыз: Белгілі Құран аудармашысы қайтыс болды

800-ден астам еңбектің авторы. "Айжанның ғашығы",  "Берік", "Аңсаған менің әнімсің", "Ақсүйек", "Кер бұзаудың өлімі" повестерін, "Таңшолпан" романын жазған.

Әбілфайыз Ыдырысов –  Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан