KZNews.kz
Саясат

«Әбден ұят нәрсе»: Тоқаев Маңғыстауда болып жатқан масқараға қатысты пікір білдірді

Ayzhan Sylanova
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы мектептерде балалардың жаппай улану оқиғалары тыйылмай отырғанын сынға алды.

«Білім беру мекемелерінде орын алып жатқан келеңсіз жайттарды айналып өтуге болмайды. Оқушылардың жаппай улану фактілері азаймай отыр. Бұл – өте ұят жағдай. Өткен жылы 400-ден астам бала, ал биылдың өзінде 42 оқушы зардап шекті. Мұндай жағдайлар мектептердегі азық-түлік қауіпсіздігінің талапқа сай еместігін көрсетеді. Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға оқушылардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алуды тапсырамын», – деді Президент Тоқаев.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары