Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Әбден лайық": Тоқаев ел асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді

"Әбден лайық": Тоқаев ел асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

18 маусымда Ақордада өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана медицина университетіне" ұлттық университет мәртебесін беру туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді, деп kznews.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған оқу орны бүгінде еліміздегі жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі саналады. Университет цифрлық денсаулық сақтау және биомедицина бағыттарын белсенді дамытып келеді.

"Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған "Астана медицина университеті" цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев университетке белгілі ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін қалаушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беруді ұсынды.

Бұдан бөлек, Қарағанды медицина университетіне де жаңа атау берілетіні айтылды. Бұл жоғары оқу орнына оның негізін қалаған және ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің есімі беріледі. Биыл Қарағанды медицина университетінің құрылғанына 125 жыл толып отыр.

Айта кетейік, Төрегелді Шарманов – өмірін отандық медицинаның дамуына арнаған белгілі ғалым, нутрициолог. Ол 12 жыл бойы Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. 1974 жылдан бастап Қазақ тағамтану академиясын басқарды.

Шармановтың медицина саласындағы еңбегі халықаралық деңгейде де мойындалған. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары марапаттарының бірі – Леон Бернард сыйлығымен және басқа да көптеген наградалармен марапатталған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер