Шоу-бизнес

«Абажаю секс! Ардан аттаған кезім көп»: танымал журналист Мақпал Қаратай неліктен өзгеріп кеткенін айтты

«Абажаю секс! Ардан аттаған кезім көп»: танымал журналист Мақпал Қаратай неліктен өзгеріп кеткенін айтты

Журналист, коуч Мақпал Қаратай өзінің күрт өзгеріп, кеудесін жалаңаштап кеткенінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Kznews.kz

«Ар-ұяттан аттаған кездерім көп. Алда да аттауым мүмкін. Менің “қараңғы қырым”, яғни ашық-шашық киінуім — табиғатымда бар. Сен өзіңмен айналысып, өзіңді тани бастағанда қанша жыл іште жасырынған дүние сыртқа қарай тайфун сияқты атқылайды. Мен өзіме үңілгенде, сол нәрсе көтерілді»,- деді ол.

Журналист қарапайым ауыл отбасында қазақи тәрбиемен өскендіктен өзінің шын келбетін ешқашан көрсете алмаған көрінеді.

«Мен өзімнің табиғатымды жауып тастаған адаммын. Өзімді зерттеген кезде ішімдегі энергия сыртқа тасыды. Мен сол энергияны қалай басқаруды білмей қалдым. Сондықтан қоғамға “мә, көріңдер” деп ашық киіндім. Тіпті бір күні Instagram-ға «Обожаю секс!» деп жазып қойдым.

Солай жасасам, рахаттанатынмын. Ішкі бунтты солай көрсеттім. Уақыт өте келе сол энергияны дұрыс бағытқа бұрасың, өзіңнің шығармашылығыңа, адамдардың жанын емдеуге арнайсың», — деді ол.

Айта кетсек, оның бұрынғы күйеуі белгілі журналист, өнертанушы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары-Қоғам Басқармасының мүшесі лауазымын атқарған Ержанар Әшейхан. Екеуінің ортақ некесінен 3 баласы бар. Ержанар Әшейхан бірінші әйелінен ажырасқан соң, екінші рет отбасын құрған.

Ал Мақпал Қаратай Түркияға көшіп, психологиялық курстар сатып, қаржы табумен айналысты.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz