Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысында қайтыс болған тракторшы өрттен зардап шеккендер қатарына кіргізілмеді

Абай облысында қайтыс болған тракторшы өрттен зардап шеккендер қатарына кіргізілмеді

Абай облысында қайтыс болған Сергей Архипов Семей орманындағы өрттен қаза болғандардың тізіміне енгізілмейді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Сергей Архиповтың денесі мен тракторы өрт болған аумақтан басқа жерде табылды. Ол өрт салдарынан қаза болмаған», - деді Ж. Өмірәлиев бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол С.Архипов өрт кезінде мерт болған 14 адамның санатына кірмегенін айтты.
«Мемлекет басшысы зардап шеккендерге жан-жақты көмектесу тапсырмасын берді. Сондықтан бұл бағыттағы көмек көрсетуді облыстық әкімдік, кәсіпкерлер қарастырады», - деді Жандос Өмірәлиев.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары