Солтүстік өңірге газ жеткізетін желіні "Газпром" салады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысындағы Орлов шахтасында оқыс оқиға болды: алты кенші зардап шекті

Абай облысындағы Орлов шахтасында оқыс оқиға болды: алты кенші зардап шекті
фото: ашық дереккөз

1 шілде күні Абай облысындағы Орлов шахтасында шахта клетінің (жерасты лифтінің) күрт тоқтауына байланысты оқыс оқиға болды. Оқиға кезінде лифт ішінде 15 жұмысшы болған, деп хабарлайды kznews.kz.

KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, шахтаға түсу барысында тіреуіш тетіктерінің («құлақтардың») бірі босап қалып, соның салдарынан клеть оған ілініп, кенет тоқтаған.

Оқиғадан кейін алты кенші медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер олардың үшеуіне жеңіл жарақат (соғылу) диагнозын қойып, үйлеріне жіберген. Қалған үш жұмысшы Семей қаласындағы ауруханаға жеткізілгенімен, толық тексеруден кейін олар да амбулаториялық ем қабылдау үшін үйлеріне шығарылды.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы тұрақты, олар амбулаториялық ем алып жатыр.

Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, техникалық ақау, адам факторы және басқа да ықтимал себептер қарастырылуда.

Аталған оқиға бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарының қатысуымен арнайы комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.