Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

9 жасар қыз тіс емі кезінде ине жұтып қойған

9 жасар қыз тіс емі кезінде ине жұтып қойған
Фото: depositphotos.com

Петрозаводск қаласында тоғыз жастағы қыз ақылы балалар стоматологиясында тіс емдеткен. Үйіне оралғаннан шамамен екі сағат өткен соң, анасына клиникадан қоңырау шалып, шұғыл түрде қайта келуін сұраған, деп хабарлайды kznews.kz Газета.ru арнасына сілтеме жасап.

Тіс емханасында хирург баланың ағзасында стоматологиялық құрал - ине қалып кетуі мүмкін екенін айтқан. Рентген тексерісі оның асқазанда екенін көрсеткен. Дәрігерлер эндоскопиялық жолмен алуға тырысқанымен, ол кезде ине ішекке өтіп кеткен еді. Осы уақытта балада бөгде заттың әсерінен ауырсыну басталған.

Дәрігерлер кейін клизма жасап көреді, бірақ ол да нәтиже бермеген. Қайта түсірілген рентген иненің тоқ ішекке өткенін көрсеткен. Дәрігерлер операция жасауға дайындалған, алайда екі күннен кейін ине өздігінен сыртқа шыққан.

Қыздың әжесінің айтуынша, бұл жағдайға себеп болған стоматолог кешірім де сұрамаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер