KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

9-11 мамыр: Астанада күн күрт суытады, Алматыда нөсер жаңбыр жауады

• Азамат Қойшығара
kznews.kz

Қазгидромет синоптиктері 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Астана қаласында алдағы күндері ауа температурасы күрт төмендейді.

9 мамырда күн құбылмалы болып, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +21...+23 градус болады.

10 мамырда да жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді.

11 мамырда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда түнде ауа температурасы 0...+2 градусқа дейін төмендеп, таңертең тұман болады. Күндіз +8...+10 градус шамасында болады.

Ал Алматы қаласында 9 мамыр күні күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +31...+33 градусқа дейін көтеріледі.

10 мамырда жаңбыр, найзағай, кешке қарай қатты нөсер күтіледі. Күндіз ауа температурасы +20...+22 градус болады.

11 мамырда Алматыда бұлтты ауа райы сақталып, кей жерлерде қатты жаңбыр мен найзағай болжанған. Күндіз ауа температурасы +18...+20 градус шамасында болады.

Сондай-ақ синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

11 мамырда еліміздің солтүстік өңірлерінде түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →