Қазгидромет синоптиктері 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Астана қаласында алдағы күндері ауа температурасы күрт төмендейді.
9 мамырда күн құбылмалы болып, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +21...+23 градус болады.
10 мамырда да жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін төмендейді.
11 мамырда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда түнде ауа температурасы 0...+2 градусқа дейін төмендеп, таңертең тұман болады. Күндіз +8...+10 градус шамасында болады.
Ал Алматы қаласында 9 мамыр күні күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +31...+33 градусқа дейін көтеріледі.
10 мамырда жаңбыр, найзағай, кешке қарай қатты нөсер күтіледі. Күндіз ауа температурасы +20...+22 градус болады.
11 мамырда Алматыда бұлтты ауа райы сақталып, кей жерлерде қатты жаңбыр мен найзағай болжанған. Күндіз ауа температурасы +18...+20 градус шамасында болады.
Сондай-ақ синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
11 мамырда еліміздің солтүстік өңірлерінде түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.