Биылғы жылы 81 жасқа келген Асанәлі Әшімов әйелімен бірге Сингапурде демалып жүр. Әйгілі актердің отбасылық демалысы жайлы Бағдат Әшімова Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.
Асанәлі Әшімов. Фото: Азамат Сатыбалдының жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
"Сингапур қаласындамыз. Асекеңнің көңіл-күйінің жақсы болғаны мені қанаттандырады. "Әйел бақыты - ер азаматының тұсында" деп ата - бабаларымыз тауып айтқан ғой. Алла әрбір таңымызды көруге жазсын", - деп жазды актердің жұбайы.
Асаналі аға менің өнердегі әкем ғой. Бағдат женге, Асаналі ағаны осылай еркелетіп, бабын келтіріп, бағлан басын биікте ұстап жүргеніңіз үшін сізге Алла разы болсын", - деп жазды Азамат Сатыбалды.