“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

58 миллиард теңге қарыз: сот Н.Назарбаевтың уәжіне тағы да сенбеді

58 миллиард теңге қарыз: сот Н.Назарбаевтың уәжіне тағы да сенбеді
Фотоиллюстрация: Kznews AI

Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрбол Назарбаевтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сот бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдырып, оған төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолданудан бас тартты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін Нұрбол Назарбаев бірнеше рет сот арқылы өзінің қаржылық жағдайының ауыр екенін дәлелдеуге тырысқанымен, талаптары қанағаттандырылмаған болатын. Бұл жолы да апелляциялық сот сол ұстанымды қолдады деп жазды Ulysmedia порталы.

Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тануды емес, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануды сұраған. Бұл рәсім қарызды бес жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік береді әрі ресми банкроттықтың салдарынан – несие алуға қойылатын шектеулерден, қаржылық бақылаудан және заңда көзделген өзге де шектеулерден құтылуға жол ашады.

Сот материалдарына сәйкес, Нұрбол Назарбаевтың жалпы берешегі шамамен 58 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде:

55,9 млрд теңге – Активтерді қайтару комитеті алдындағы қарыз;
352 млн теңгеге жуық – өсімпұл;
1,69 млрд теңге – мемлекеттік баж;
19,4 млн теңге – банкроттық рәсіміндегі «Ақтөбе өндірістік компаниясы» ЖШС алдындағы берешек.

Алайда сот оның төлемге қабілетсіз екенін дәлелдейтін жеткілікті негіздер жоқ деген қорытындыға келді.

Апелляциялық алқаның қаулысында Нұрбол Назарбаевтың қаржылық жағдайы туралы толық мәлімет ұсынбағаны көрсетілген. Атап айтқанда, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беруден түсетін табыс, банктік салымдар, дивидендтер және жеке шығыстары туралы ақпарат берілмеген.

Соттың пікірінше, мұндай мәліметтерсіз азаматтың нақты қаржылық жағдайын объективті бағалау және оның өз міндеттемелерін орындауға шынымен қауқарсыз екенін анықтау мүмкін емес.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.