Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

76 жастағы Ұлытаудан шыққан қария Парижге дейін жаяу жеткен

76 жастағы Ұлытаудан шыққан қария Парижге дейін жаяу жеткен
Кадры из видео

Қазақстанның Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев танымал саяхатшы Сәрсенбай Қотырашовқа «Құрметті спорт қызметкері» атағын табыстады, деп хабарлайды kznews.kz министрлікке сілтеме жасап.

Туризм саласының белгілі өкілі Сәрсенбай Қотырашов ауқымды жаяу сапарларымен танылған. 2022 жылы 72 жасында ол Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, шамамен 8 мың шақырым жол жүріп өтті. Бұл жетістік ұлттық КИнЭС рекордтар кітабына тіркелген.

Кейін ол халықаралық деңгейде де сапарларын жалғастырды. 2023 жылы Атыраудан жолға шығып, Кавказ бен Грузия арқылы Стамбулға жетті. Ал 2024 жылы Өскеменнен бастап, Алтай мен Моңғолия арқылы Бейжіңге дейін барған.

2026 жылғы 3 наурызда басталған кезекті сапары барысында саяхатшы Сербия, Мажарстан, Аустрия, Германия және Франция елдерін жаяу жүріп өтіп, кейін Қазақстанға оралды.

53 күн ішінде ол шамамен 3 мың шақырым жолды еңсерген. Парижде оны дипломаттар мен ЮНЕСКО өкілдері қарсы алған.

Сапар оңай болмаған: автобандармен жүруге тыйым салынғандықтан, ол көбіне жолсыз жерлермен және велосипед жолдарымен жүрген. Жүк артқан арбасы да ауырлыққа шыдамай сынғанымен, ақсақал межелі жеріне дейін жеткен.

Оның табандылығы, өмір жолы мен жетістіктері туризмді дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға үлгі ретінде бағаланады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер