Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

7,4 мың жүргізушінің көлік жүргізу құқығы тоқтатылды: тағы мыңдаған адамға сотқа шағым түсті

7,4 мың жүргізушінің көлік жүргізу құқығы тоқтатылды: тағы мыңдаған адамға сотқа шағым түсті
Фото: freepik

Қазақстанда денсаулығына байланысты көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімі бар 21 мыңнан астам жүргізуші анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрлік бұл жұмысты Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Мақсат – денсаулығына байланысты көлікті қауіпсіз басқара алмайтын адамдарды анықтау.

Ведомствоның мәліметінше, 2 246 адам әртүрлі себеппен диспансерлік есептен шығарылған. Ал 13 мыңнан астам жүргізушіге қатысты полиция департаменттері сотқа талап-арыз берген.

Сот шешімдері заңды күшіне енгеннен кейін 7,4 мың жүргізушінің көлік басқару құқығы тоқтатылды.

«Көлік жүргізу құқығын шектеу тек медициналық қарсы көрсетілім анықталған жағдайда қолданылады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің №853 бұйрығымен бекітілген. Олардың қатарында эпилепсия, екі көздің көрмеуі, кейбір ауыр психикалық бұзылыстар және психоактивті заттарды қолдануға байланысты кейбір бұзылыстар бар.

Министрлік мұндай шаралардың басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі