Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«7-20-25» бағдарламасы аясында ипотека лимиті өсті

«7-20-25» бағдарламасы аясында ипотека лимиті өсті

Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz

Бағдарламаға енгізілген өзгерістерге сәйкес:

  • Астана, Алматы және олардың маңындағы аймақтарда, сондай-ақ Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 миллион теңгеден 30 миллион теңгеге дейін ұлғаяды;

  • Қарағанды қаласы үшін шекті сома 20 миллионнан 25 миллион теңгеге дейін көтеріледі;

  • Басқа өңірлер үшін бұл көрсеткіш 15 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін артады.

Сонымен қатар, енді қарыз алушылар төлем қабілеттілігін растау үшін бірлесіп қарыз алушылармен қатар кепілді де тартуға мүмкіндік алады. Бағдарлама бойынша несие алу үшін негізгі талаптардың бірі — қарыз алушының тұрақты табысының үздіксіз болуы.

– Бұл нормалар тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ ипотекалық несиелердің икемділігі мен қолжетімділігін кеңейту мақсатында енгізілді. Бағдарламаның қаулымен өзгертілмеген өзге шарттары мен талаптары өзгеріссіз қалады, – деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.