KZNEWS.KZ
KzNews TV

7 мамыр күні Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді: Қайдан көруге болады

• Айгерім Асылова

7 мамырда Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше, салтанатты шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Лам да қатысады.

“Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі”, – делінген хабарламада. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →