Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

65 адам қаза тапты: Әлемде Эбола вирусы тарап жатыр

65 адам қаза тапты: Әлемде Эбола вирусы тарап жатыр
Фото: Getty Images

Конго елінің шалғайдағы Итури провинциясында Эбола вирусының жаңа өршуі тіркеліп, салдарынан 65 адам көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мамандардың мәліметінше, қазіргі уақытта вирус жұқтырды деген күдікпен 246 жағдай тіркелген. Эбола – өте қауіпті әрі тез таралатын инфекциялардың бірі. Ол адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады және көп жағдайда ауыр асқынуға әкеледі.

World Health Organization өткен жылы Конгода Эболаны емдеуге арналған дәрі-дәрмек қоры мен Ervebo вакцинасының шамамен 2000 дозасы бар екенін мәлімдеген еді. Алайда бұл вакцина тек Ebola Zaire штамына қарсы тиімді екені айтылған.

Ал Africa CDC жаңа өршудің нақты қай штаммнан тарағанын анықтайтын зерттеу нәтижелері жақын тәуліктерде жарияланатынын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін теңіз лайнерлерінде Хантавирус инфекциясының таралуы туралы да ақпарат шыққан болатын. Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған MV Hondius круиздік кемесінде үш жолаушы инфекция салдарынан қайтыс болған еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.