Спорт

60-қа таяған Тайсон жекпе-жек өткізбек

60-қа таяған Тайсон жекпе-жек өткізбек
Фото: Instagram/miketyson

Қазіргі заманның аты аңызға айналған боксшыларының бірі, 59 жастағы Майк Тайсон көрермен ұзақ күткен көрме жекпе-жегін өткізетінін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Тайсонның айтуынша, рингке оның қарсыласы ретінде бес салмақ дәрежесінде чемпион атанған, 48 жастағы Флойд Мейвезер-младший шығуы тиіс. Екі мықтының кездесуі бокс әлемінде үлкен қызығушылық тудырып үлгерді.

An Experience With жобасына берген сұхбатында Тайсон жекпе-жектің болжамды мерзімі мен өтетін орнын да атады. Оның сөзінше, ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр және жекпе-жектің нақты күні жақын уақытта жария етіледі.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz