Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

6 жыл электронды темекі шеккен қыз өкпенің қатерлі ісігіне ұшырады

6 жыл электронды темекі шеккен қыз өкпенің қатерлі ісігіне ұшырады
Фото: depositphotos.com

Ұлыбританияда жас қызға электронды темекіні ұзақ уақыт қолданғаннан кейін өкпе қатерлі ісік диагнозы қойылды, деп хабарлайды kznews.kz People басылымына сілтеме жасап.

22 жастағы Кейли Бода вейпті алғаш рет 15 жасында қолдана бастаған. Алғашқы алаңдатарлық белгілер әдеттен тыс жөтелден басталған.

«Менде қоңыр түсті, түйіршікті қақырықпен жөтел пайда болды», — деп айтқан Манчестер тұрғыны.

Бастапқыда қыз бұған мән бермей, жағдайын вейппен байланыстырмаған. Алайда уақыт өте келе жағдайы нашарлап, дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған.

«Кейін жөтелгенде қан шыға бастады. Рентгенге түсіргенде өкпемнен көлеңке анықталды», — дейді ол.

Дәрігерлер бастапқыда оның жасын ескеріп, бұл қатерлі ісік емес деп сендірген.

«Маған 99% бұл қатерлі ісік емес, алаңдамауға болады деді», — деп еске алады Кейли.

Соған қарамастан, қосымша тексерулер нәтижесінде онкологиялық ауру расталған. Диагноз оған 21 жасында қойылған, бастапқыда ауру бірінші сатыда деп бағаланған.

Қызға ота жасалып, оң жақ өкпесінің жартысы алынып тасталған. Кейін ол химиотерапия курсынан өткен, оның айтуынша, ем өте ауыр жанама әсерлермен өткен. Кейін дәрігерлер аурудың үшінші сатыға өткенін анықтаған, себебі ісік лимфа түйіндеріне таралған.

«Мен басымды көтере алмадым, қан құстым, зәрімде де қан болды. Тамақ іше алмадым, ұйықтай алмадым. Төрт күннің ішінде 8 фунт салмақ жоғалттым», — дейді ол.

2026 жылдың ақпанында дәрігерлер ремиссия болғанын хабарлаған. Алайда бір айдан кейін өкпе тұсында сұйықтық жиналуына байланысты ол қайта тексеруден өткен. Сол кезде аурудың қайта оралып, плевраға таралғаны анықталған.

Дәрігерлер болжамды қолайсыз деп бағалап, оның өміріне шамамен 18 ай қалғанын айтқан.

«Онколог мұндай жағдайдың өте сирек кездесетінін, көбіне 80 жастағы адамдарда байқалатынын айтты», — дейді Кейли.

Дәрігерлер нақты себепті айта алмағанымен, эдектронды темекінің ықпалы болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Осы жағдайдан кейін қыз электронды темекіден толық бас тартып, басқаларды да солай жасауға шақырып отыр.

«Диагноз қойылғанға дейін мен өте аңғал едім, мұндай жағдай менің басымнан өтеді деп ойламадым», — дейді ол.

«Мен үш айдан бері вейп қолданбаймын. Жігітіме де, анама да тастаттым, достарыма да соны айтып жүрмін. Электронды темекіден аулақ болыңыздар, өйткені оның салдары бәрібір болады», — деп ескертті ол.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер